Зорланған бала оқиғасы бойынша дәрігер Селтанов: Ол баланы тексермек тұрмақ, көрген емеспін

0
5 578

Абай ауылына қарасты ауруханада дәрігер-уролог болып жұмыс істейтін Ералы Селтанов Stan.kz редацкияcына хабарласып, отбасы жайында негізсіз сөздер таратылып жатқанын хабарлады.


Зорланған бала оқиғасы бойынша дәрігер Селтанов: Ол баланы тексермек тұрмақ, көрген емеспін

фото: stan.kz

Абай ауылына қарасты ауруханада дәрігер-уролог болып жұмыс істейтін Ералы Селтанов Stan.kz редацкияcына хабарласып, отбасы жайында негізсіз сөздер таратылып жатқанын хабарлады.

«Бұған дейін 7 жасар баланың зорланғаны жайлы ақпаратты естідім. Кеше кешкісін бұл іске өзімді тікелей қатыстырып жатқандар жайлы желіден көріп қалдым.

Олардың сөзінше мен «Бала зорланбаған» деп сараптама жүргізіппін. Шынымды айтсам мен ол баланың түрін де көрген емеспін. Біздің ауруханаға келіп, балалар дәрігеріне қаралған екен. Мен ересектерді емдеймін. Сол кезде полицияға да шағым түскен екен.

Оның барлығын осы мәселе республика көлемінде тарап кеткенде барып түсініп жатырмын. Бұл жерде бүкіл әулетке жала жабылып жатыр. Мысалы, бала № 73 мектепте оқиды. Менің әйелім Селтанова № 74 мектепте директор. Баланы зорлаған жоғары сыныптың оқушылары яғни күдікке ілінгендер бір көшеде, бір-біріне жақын жерде тұрады.

Оқиға мектептен тыс болған. Ал менің ағам Бауыржан Селтановтың облыс деңгейінде криминалдық полиция басқармасын басқаратыны рас. Кешегінде оның өзі хабарласып, меннен не болып жатқанын сұрады. Себебі ол Шымкент қаласында.

Әкеміз Сапарәлі Селтанов мәслихат депутаты, елге еңбегі сіңген педагог. Мына жағдайға бүкіл әулеттің не қатысы бар екенін түк түсіне алмай отырмыз»,-дейді дәрігер-уролог Ералы Селтанов

Дәрігер көптеген басылымдарда өзіне жала жабылғанын, ешқандай да журналист осы оқиғаға орай пікір сұрамағанына ренжулі.