​Алманы көктемде қырқудың ЕҢ ТИІМДІ әдістері

0
1 925

Алма ағашын дұрыс қырқып, күтім жасай білсеңіз, мол өніммен қуантатыны сөзсіз.


​Алманы көктемде қырқудың ЕҢ ТИІМДІ әдістері

Көктем - алма ағашын қалыпқа келтірудің ең әдемі уақыты. Егер бұталарды өскен күйінде қалдыратын болса, онда олар өнім салмағынан сынып кетуі мүмкін. Сондай-ақ ағаш та бар күшін өнім беруге жұмсап, күшін жоғалтады. Кейін ауырып, өнім бермейтін болады. Сондықтан көктем келіп, күн жылынған соң кескіш алып әрекетке кірісу керек.


Көшетті бірінші қыстап шыққан соң алғашқы қырқу. Өсімдікте ең мықты 3-5 бұтаны қалдыру керек. астында тұрған бұталар жоғарыдағыдан шамалы ұзын болғаны дұрыс.


Кез келген алма ағашының қураған және қыста үсіп қалған бұталарын қырқып тастау керек. Өскіндердің кейбірінде бүршік болмай, қабығы қарайған болса, міндетті түрде кесіп тасаңыз.


Көшетті еккеннен кейінгі үш, төрт, бесінші жылдары алма ағашында жоғарғы бөлік (крона) қалыптаса бастайды. Өнім беру төмендемес үшін бұталарды аз қырқамыз. Бірақ, бір-біріне айқасқан, әлсіз бұталарды міндетті түрде кесу қажет.


Егер алма ағашыңыздың өсіп тұрғанына 20 жылдан көп болып қалса, онда ол жыл өткен сайын өнімді аз бере бастайды. Сондықтан оны жасарту керек. Ол үшін жалпы өскіннің 3/1 бөлігін кесіп тастаңыз. Ірілеріне тиіспеңіз. Келесі 2-3 жыл осылай қайталап отыру керек. Сол кезде алма ағашы толықтай жаңаратын болады және мол өнім бере бастайды.


Алма ағашын дұрыс қырқып, күтім жасай білсеңіз, мол өніммен қуантатыны сөзсіз.


Дайындаған:Э.Базарбаева,

ERNUR.KZ.