Бетпердені 1 минутта жасап алуға болады

0
3 862

Оған тіпті тігін машинасының да қажеті жоқ.


Бетпердені 1 минутта жасап алуға болады

Қазір қауіпті індетке байланысты тек қана Қазақстанда ғана емес әлем елдерінде де медициналық бетперде тапшылығы бар екенін жаңалықтардан естіп жатырмыз. Қай дәріханаға барсаң да бетперде жоқ немесе бағасы қымбаттары ғана бар.

Бірақ дәріханаларда тапшы болып отырған бетперделерді үй жағдайында қолдан оп-оңай жасап, тігіп алуға болады. Тіпті 1 минут ішінде тігін машинасының көмегінсіз-ақ жасап алуға болатын жолдары да бар. Ендеше дәріхана аралап сабылмай, қолда бар заттардан бетперде жасап, денсаулығыңызды сақтаңыз!


  • Бір минутта жасалатын бір реттік бетперде

Бізге бір реттік асүй қағаз майлық ("бумажное полотенце"), 50 см шамасындағы жіп және жабысқақ таспа (скотч) қажет. Асүй сүлгісінің 3 бөлігін алып қабаттаймыз. Ортасынан екіге бүктеп, қыр саламыз. Бұл мұрынға жақсы, нық тұру үшін қажет.

Келесі ретте қабатталған сүлгілердің екі шетін жабысқақ таспамен ажырап кетпейтіндей жапсырып аламыз. Ал жіпті екіге бөліп, кәдімгі бетперденің резеңкесі секілді құлаққа ілініп тұратындай етіп сүлгіге жабысқақ таспамен жапсырамыз. Мұндай бетпердені бір реттен артық пайдалануға болмайды. Сыртқа шығып келген соң міндетті түрде тастау қажет.


  • Дәретхана қағазынан да бір реттік бетперде жасауға болады

Көптеген елдерде індет басталғанда дүкен сөрелерінен дәретхана қағазы табылмай, халықтың таласқанын жаңалықтардан, әлеуметтік желілерден көрген боларсыздар. Мұның негізгі себебі дәретхана қағазы мен медициналық бетперденің бір материалдан жасалуында екен.

Дәретхана қағазынан бетперде жасау үшін тура жоғарыдағы (асүй сүлгісі) тәсілді пайдаланасыз. Тек мұнда дәретхана қағазын 6 қабат етіп жасау керек.


  • Дәкеден жасалған сүзгіші бар бетперде

Бұл үшін жалпақтығы 15 см дәкені екі құлаққа жетіп тұратындай етіп өлшеп 4 қабат жасаймыз. Ортасынан бүктеп шет жағынан құлақ сыятындай тесік кесеміз. Ортасына ылғалды сулықты (влажная салфетка) шамалы кептіріп барып екі қабаттың ортасына саламыз. Бұл бетпердені бірнеше рет пайдалануға болады. Тек әр тағып келген сайын кір сабынмен жуып үтіктеп және ортасындағы сулықты жаңасына ауыстыруды ұмытпаңыз!


Маңызды: үй жағдайында жасалған бетперделер медициналық бетперде секілді бетке нық жабысып және мұрын мен ауызды толықтай жауып тұруы тиіс! Бетпердені 2-3 сағаттан артық тағуға болмайды.

Оқи отырыңыз: Антисептикті ҚОЛДАН ЖАСАП АЛУҒА болады.


Дайындаған: Эльмира Базарбаева,

ERNUR.KZ