Киім тез тозбау үшін жуу белгісіне қараңыз.
Сатып алған киіміңіз ұзақ уақыт әдемілігін сақтау үшін, киімге жабыстырылған жууға арналған арнайы белгіге қараңыз. Себебі кейбір жібек, тоқылған немесе сырт киімдер ерекше күтімді қажет етеді. Киімге нақты қандай күтім қажет екенін анықтау үшін, арнайы белгілердің нені білдіретінін ашып жазамыз.
Жуу белгілері
- Егер арнайы белгіде шылапшынға (тазик, ләген) қол бағытталып тұрса, онда ол киімді кір жуатын мәшинеге салуға болмайды. Оны қолмен жуу керек. Бұл белгі көбіне жұқа, нәзік материалдан тігілген киімдерде болады. Температура бірге көрсетіледі. Егер көрсетілмесе мұндай киімдерді жуатын судың градусы 40-тан жоғары болмауы керек.
- Шылапшынның бетіндегі сызықтар. Бұл киімді үй жағдайында жууға болмайды дегенді білдіреді. Белгі көбіне сырт киімдерде кездеседі. Ол киімдерді арнайы тазарту орындарына апару керек.
- Толқынды сызығы бар шылапшынның суреті-жібітіп қою керек.
- Шылапшынның түбінде бір нүкте болса, онда судың темпиратурасы 30- дан жоғары болмауы керек. Ұнтақпен жууғанда мұқият болыңыз.
- Екі нүктесі бар шылапшын. Бұл белгі киімді 45 градусқа дейінгі жылы суда ұнтақпен жууға болады дегенді білдіреді. Ол полиэстр, мақта, жүннен тігілген киімдерде болады.
- Үш нүктесі бар шылапшын. Затты 65 градустағы ыстық суда кір машинесінде жууға болады.
- Сандық нұсқаулар затты бүлдірмей жуып алуға болатын ең жоғарғы температураны көрсетеді.
- Шылапшын астындағы 1 түзу сызық. Мұқият жууды және аз айналымға қойып сығу керектігін білдіреді.
- Шылапшын астындағы екі сызық. Мұқият жуу. Сығуға болмайды.
Сығу және кептіру
Сығу мен кептіру белгілері төртбұрыш белгісінде берілген.
- Төртбұрыш ішіндегі дөңгелек. Киімді кір мәшинесінде жууға және сығуға болады.
- Төртбұрыш ішіндегі көлденең және бұрыштағы қос сызықтар. Киімді сықпай көлденеңнен жайып кептіру керек. Сондай-ақ тікелей күн сәулесі түспеуі қажет.
- Төртбұрыш ішіндегі дөңгелек және бетінде Х тәрізді сызық болса, онда киімді кір жуу мәшинесіне салуға болмайды. Бұл белгі пайеткалы, кестеленген, тастамен көмкерілген киімдерде кездеседі.
- Төртбұрыш ішінде дөңгелек және нүкте. Кір мәшинесінде кептіруге болады, бірақ температурасы жоғары болмауы керек. Кейбір материалдар кептірген кезде өзінің бастапқы қалпынан айнып, өзгеріске ұшырауы мүмкін. Мәселен, синтетикалық материалдар.
- Төртбұрыш ішінде дөңгелек және қос нүкте. Орташа температурада сығуға болады. Мұндай белгілер көбіне сүлгілерде және мақта маталы төсек жабдықтарында кездеседі.
- Төртбұрыш ішіндегі дөңгелек және үш нүктелі белгіні көбіне балалар киімінен байқауға болады. Жоғарғы температурада сығуға болақанағаттырылмағандықтарыңызданды.
- Төртбұрыш ішіндегі боялған дөңгелек. Сыығуға болады және салқын ауада сығу.
- Төртбұрыш ішіндегі жоғары қарап тұрған ай сызық. Мұндай белгіні көрсеңіз, онда затты кір мәшинесінде кептіруге болмайды. Тек табиғи жоллмен кептіру қажет.
- Төртбұрыш бұрышындағы қос сызық. Жуылған заттарды көлеңкеде кептіріңіз. Бұл белгіні ашық түстегі футболкаларда кездестіруге болады.
- Төртбұрыш ішіндегі сызықша. Киімді іліп кептіруге болмайды. Өз салмағынан киімнің қалпы өзгереді. Сондықтан оны кептіргіштің үстіне көлденең жайып кептіріңіз. Әсіресе трикотаж киімдер.
- Төртұрыштағы тік үш сызық. Затты тігінен іліп, сықпай кептіріңіз
Үтіктеу
- Үтіктің белгісі. Жоғары температурада үтіктей беруге болады.
- Үтік бетіндегі Х белгі. Үтіктеуге болмайды. Мұндай белгі көбіне сырт киімдерде кездеседі.
- Үтіктің ішінде бір нүкте. Жоғарғы температура 110 градус. Белгі нейлон, капрон, синтетикалық киімдерде кездеседі.
- Үтіктің ішінде екі нүкте. Бұл белгіні синтетикалық киімдерден кездестіруге болады. температураны 150ден жоғары көтеруге болмайды.
- Үтіктің ішінде үш нүкте. 200 градуста үтіктеуде болады.
- Үтік бетіндегі жұлдыз белгісі. Киімді үтіктеуге болады, бірақ бумен үтіктеуге болмайды.
Химиялық тазарту
- Шеңбер ішіндегі А – ерітінді пайдаланып, құрғақ тазарту жасауға болады.
- Шеңбер ішіндегі Р – Ерітіндіні пайдаланбай құрғақ тазарту.
- Шеңбер ішіндегі W – жуу құралдарын пайдаланып сумен жууға болады.
Егер киімде арнайы белгі болмаса, онда жалпы ережені ұстанғаныңыз дұрыс.
- Киімдерді түске бөліп жуыңыз. Өзге түстегі 1 шұлықтың өзі бар киімді бүлдіруі мүмкін.
- Егер киім қатты кір болса, онда алдымен салқын суда жуу керек.
- Құрамында хлоры жоқ ағартқышты пайдаланыңыз.
- Синтетикалық және капрон материалдарды үтіктегенде температураны көтермеңіз.
Керек кеңес, қажеттеріңізге жарасын!
Дайындаған: Э.Базарбаева,