​Киімдердің бояуы бір-біріне жұқты ма? Тазартудың оңай тәсілдері

0
15 502

Бояу дақтарын кетіруге үйдегі қолда бар заттар да жарайды.


​Киімдердің бояуы бір-біріне жұқты ма? Тазартудың оңай тәсілдері

Ақ және түсті заттарды бірге жууға болмайтынын білеміз. Бірақ, кейде киімдегі өзге түспен жазылған суреттер, жазулар т.б ұсақ түйектердің бояуы оңып, жуған киім түрлі түске боялып жатады. Бұл әрине, шығын. Өзге түске боялып кеткен киімдерді көшеге киіп шыға алмайтын болғандықтан оны тек үйде киеміз немесе қоқысқа тастаймыз. Алайда оны да тазартудың, бояу жұққан киімдерді бастапқы қалпына келтірудің көптеген жолдары бар. Сондықтан егер осындай мәселемен бетпе-бет келіп қалған болсаңыздар, көңілдеріңіз түспесін, төменде жазылған бояуды кетірудің ең үздік тәсілдерін қолданып көріңіздер.


Қарапайым бірақ тез нәтиже беретін әдістер

  • Тез әрекет жасау. Яғни, бояу жұққан киім құрғамай тұрып қайта жуу керек. Құрғап қалған киімге бояу мықтап сіңіп алады. Сондықтан оны кейін кетіру қиынға соғады. Бояу жұққан киімді көбірек ұнтақ салып (порошок) тез арада бөлек қайта жуу қажет.

  • Егер бояу жұққан киім ақ түсті болса, қайта жуған кезде 5-10 минутқа ағартқышқа жібітіп қою керек. Әрине, егер ол ағартқышқа төзімді материал болса ғана.


Кір сабынмен жуыңыз

Бояу жұққан киімді кір сабынмен кетіруге болады. Ол үшін боялған киімді жылы суға салып, боялып тұрған тұстарын кір сабынмен жақсылап ысқылап, 2-3 сағатқа сол суға жібітіп қою керек. Кейіннен ұнтақ салып, қайта жуып аламыз.


Ас содасы да бояуды жақсы тазартады

Бояу тиген киімдерді ас содасымен тазартып алуға болады. Ол үшін жарты шелек суға (шамамен 5 л) 6 ас қасық сода салып, бүлінген киімді 5-6 сағатқа жібітіп қоямыз. Кейін ұнтақ қосып қайта жуып алу керек.


Сутегінің асқын тотығымен (перекись водорода) жуу

6%-дық сутегі асқын тотығы ақ және ашық түсті бүлінген киімдерді қайта қалпына келтіруге жақсы көмектеседі. Алдымен қоспа дайындап алу керек. Ол үшін 5 л суға 20 гр сутегінің асқын тотығын қосып, дайын болған қоспаға бүлінген киімді салып жарты сағат баяу отқа қойып қайнатамыз. Арасында киімді аударып тұру қажет. Кейін ұнтақ салынған сумен жуып-шайып алу керек.

Крахмал да тиімді

Бояу жұқққан киімді крахмал да жақсы тазартады. Ол үшін 1 ас қасық крахмалға үккіштен өткізілген кір сабын, тұз және лимон қышқылын араластырып (барлығы 1 ас қасықтан қосылады), қоспа дайындаймыз. Дайын болған қоспаны киімнің теріс беті жағынан бояу тиген аймаққа жағып, түнге қалдырамыз немесе 6-7 сағатқа қоямыз. Кейін ұнтақ салып, қайта жуып-шайып алу керек.


Марганец ерітіндісі (марганцовка) ақ киімдегі бояуларды кетіреді

Бұл қоспа тек ақ түсті киімдерге жақсы әсер етеді. Ол үшін марганец ерітіндісінен ақшыл қызғылт (розовый) түсті етіп қоспа жасаймыз. Оған ұнтақ салып (қолмен жууға арналған ұнтақ қажет) 2 сағатқа жібітіп қою керек. Кейін жуып-шайып аламыз.

Лмон шырыны жақсы көмектеседі

Киімнің кейбір жерлеріне ғана жұққан бояуын лимон шырыны жақсы кетіреді. Жаңа сығылған лимон шырынын боялған дақтарға жағып, 4-5 сағатқа қоямыз, содан кейін жуып- шайып аламыз. Лимон шырыны - өте нәзік материалдағы бояуды кетіру үшін де қолдануға болатын тазалағыш құрал.

Керек кеңес, қажеттеріңізге жарасын!

Тағы оқыңыздар: Бөлме гүлдеріне ТІС ПАСТАСЫН "беріп" тұрса, ЖАҚСЫ өседі. Ақ киімдер АППАҚ ТҮСІН сақтау үшін МЫНА ДӘРІНІ салып жуу керек.

Түрлі дереккөздерден құрастырған: Э.Базарбаева,

ERNUR.KZ