Үй тазалаудағы оңай әдістер

0
4 092

Үй тазарту сырт көзге оңай шаруа көрінгенімен өзіндік қиындығы жетіп артылатын шаруа. Оны жақсы көріп жасайтындар бар, ал жақтырмайтындар қаншама?! Дегенмен, оның да айла-әдісін меңгеріп алсаңыз, біршама оңайлатуға болады. Тіпті, ойнап-күліп жүріп тазалап тастауыңыз ғажап емес.


Үй тазалаудағы оңай әдістер

Үй тазарту сырт көзге оңай шаруа көрінгенімен өзіндік қиындығы жетіп артылатын шаруа. Оны жақсы көріп жасайтындар бар, ал жақтырмайтындар қаншама?! Дегенмен, оның да айла-әдісін меңгеріп алсаңыз, біршама оңайлатуға болады. Тіпті, ойнап-күліп жүріп тазалап тастауыңыз ғажап емес.

1.Еденнің шаңын айғыз қалдырмай сүртіп алуға түкті шұлық өте ыңғайлы. Ол үшін ескілеу түкті шұлықты швабраның басына кигізіп қойыңыз немесе қолға киіп алып сүртіп шығасыз.

2.Киімге арналған жабысқақ білдек-шөтке арқылы диванның, қалың перде мен сөрелердің бетіндегі шаң-тозаңды оңай тазартып алуға болады.

3.Жылтыр беттері бар жиһаз бен бұйымдар үшін жиһаздардың бетін тегістеуге арналған арнайы спрейді қолданыңыз. Сперйді шашып ысқылай сүртсеңіз, ұзақ уақыт бойына жалтырап тұратын болады.

4.Пештің табасы таза тұруы үшін әрбір тағам пісірген сайын жуып-кептіріп, жұқалтыр қағазға (фольга) орап қойыңыз. Келесі пайдаланғанша шаң баспай таза тұрады. Ал кейбір тағамды пісіру үшін табаны жұқалтыр мен түгелдей қаптап тастап, сонысымен пайдалана беруге болады.

5.Жуынатын бөлмедегі су құбырларының басына қақ тұрып, айғыздалып кетcе, сірке суымен тез-ақ тазартып ала аласыз. Полиэтилен қалташаның ішіне аздап сірке суын құйып, онымен құбырларды таңға дейін орап тастаңыз. Таңертең шешіп алғанда тап-таза болып қалғанын байқайсыз. Жай ғана сумен шайып алсаңыз жеткілікті.

6.Блендерді тез жуып алу үшін оған асүйлік сабын араласқан су құйып, бірнеше секундқа қосыңыз. Содан соң салқын сумен шайып ала саласыз.

7.Тағамдық пленканың да тазалықты сақтауда қолданылатын бірнеше әдісі бар. Соның бірі – тоңазытқыш сөрелері. Сөрелерге пленканы төсеп тастап, біраз уақытқа дейін тоңазытқышты тазартуды ұмыта тұрасыз.

8.Ыдыс жуатын шүберекті жуып алғанмен ондағы жағымсыз иіс қалып қояды. Оны кетіру үшін микротолқынды пешке салып, 1 минутқа қосыңыз. Шүберек тап-таза болып шыға келеді.

9.Әжетханадағы унитаз өзіне жағымсыз иісті сіңіріп алмауы үшін бетіндегі қақпақша астына жуғыш заттан аздап жағып қойыңыз. Жуғыш заттың құрамында бактерияға қарсы заттар болса тіптен жақсы.

10. Газ плитасының бетіндегі тұғырда төгілген ас қалдығы мен шашыраған май дақтарын кетіру үшін қалташа ішіне салып, үстінен аммиак қоспасын аздап құйыңыз. Сосын 2 сағатқа аузын берік жауып қалдырыңыз. Содан кейін ысқышпен жуып алсаңыз жеткілікті.

11.Жалюзді сүртіп алу үшін су араласқан сірке суына малынған ескі жұпсыз шұлықты қолыңызға киіп алсаңыз, шаруа тез бітеді.

12.Шкафқа жабысқан сағыздың жапсырма қағазын фенмен қыздыру арқылы дақ қалдырмай алып тастауға болады.

13.Кілемдегі дақты да су араласқан сірке суымен жуып жіберсеңіз, ештеңе қалмайды.