Ол өте қатал аға болуы мүмкін. Бірақ бауырларын қорғауға әрашан дайын.
Жұлдызнама белгілері адамның мінезіне, қарым-қатынасына әсер ете алады. Бұл бауырмалдыққа да ықпал етеді. Соған сәйкес, әр белгі иесі әртүрлі сипатта аға, әпке, іні немесе сіңлі болады. Төменде жұлдыз белгілерінің бауырмалдық сипаты мен олардың отбасындағы рөлі сипатталған.
ТОҚТЫ
Табиғаты: Энергияға толы, әлсізге қорған болу, әділетсіздікке қарсы тұру қасиеті жоғары.
Аға/әпке: Қайсарлығымен үлгі. Бірбеткей және қатал болуы мүмкін. Бірақ бауырларын қолдап, қорғауға әрашан дайын.
Іні/сіңлі: Белсенді әрі тік мінезді, үлкен-кіші демей, ойын тік айтады. Бауырларымен жарысқа түскенді ұнатады.
ТОРПАҚ
Табиғаты: Сабырлы, сенімді және қамқор.
Аға/әпке: Шыдамды әрі сенімді серік. Бауырларына материалдық және моральдық қолдау көрсетеді.
Іні/сіңлі: Құймақұлақ, тілалғыш. Оған кішкентайынан сенім ароуға болады. Үлкендердің өзіне назар аударғанын, еркелегенді ұнатады.
ЕГІЗДЕР
Табиғаты: Әңгімешіл, қызықты және жағдайға жылдам бейімделгіш.
Аға/әпке: Әрдайым жаңа нәрселермен бөлісіп, бауырларын шақырып жүреді. Бірге өткізген уақыттың көңілдә, есте қаларлықтай болуы үшін қатты тырысады.
Іні/сіңлі: Көп сұрақ қоятын, өз бауырларымен жақсы тіл табысатын серік.
ШАЯН
Табиғаты: Сезімтал, қамқор және эмоцияға толы.
Аға/әпке: Үйде әрдайым жылы атмосфера құрып, жақсы сөзге семіртіп, бауырларына қамқорлық көрсетеді.
Іні/сіңлі: Отбасына ерекше жақын, бауырларының назарын іздейді.
АРЫСТАН
Табиғаты: Жарқын, беделді және көшбасшы.
Аға/әпке: Бауырларын басқарады, бірақ айғайлау, бұйырумен емес, шабыт беріп, қолдау көрсету арқылы.
Іні/сіңлі: Өзінің ерекшелігін көрсеткісі келеді, мақтау мен назарды жақсы көреді.
БИКЕШ
Табиғаты: Жауапкершілігі мол, реалист, әрқашан көмекке дайын.
Аға/әпке: Бауырларына әрдайым кеңес беріп, көмектеседі.
Іні/сіңлі: Әдепті, бірақ кейде ұсақ-түйекке сын айтып, бауырларының айыбын бетіне айтып, мінез көрсетуі мүмкін.
ТАРАЗЫ
Табиғаты: Татулықты бағалайтын, әділ және достықты жақтаушы.
Аға/әпке: Барлығын тең ұстап, бауырлар арасында жанжал болдырмауға, конфликттерді компромиспен шешуге тырысады.
Іні/сіңлі: Көпшілікпен тіл табысқыш, өз пікірін ашық әрі жеңіл, сөйте тұра сенімді айта алады.
САРЫШАЯН
Табиғаты: Эмоционалды, құпия сақтай алатын және адал.
Аға/әпке: Қатал мінезді. Бірақ бауырларының басына күн туса, құтқару және қорғау жолында ештеңе тоқтата алмайды.
Іні/сіңлі: Құпиясын ашқысы келмейді, бірақ бауырларымен терең байланыс орнатады.
МЕРГЕН
Табиғаты: Көңілді, еркіндікті жақсы көретін және ізденімпаз.
Аға/әпке: Әрдайым бауырларын қызықтырып, оларды жаңа нәрселерге шақырып, үйретіп жүреді.
Іні/сіңлі: Қызықты оқиғаларға толы, көңілді әрі еркін мінезді серік.
ТАУЕШКІ
Табиғаты: Жауапты, еңбекқор және тәртіпті.
Аға/әпке: Қатаң, бірақ сенімді жетекші. Бауырларына әрдайым үлгі болуға тырысады.
Іні/сіңлі: Жауапкершілікті, өзіне сенімді, бірақ кейде өз сезімдерін жасырады.
СУҚҰЙҒЫШ
Табиғаты: Ерекше, еркін және жаңашыл.
Аға/әпке: Бауырларына әрдайым ерекше идеялар айтып, оларды қолдайды.
Іні/сіңлі: Өзінше ерекше, бірақ бауырларымен қызықты қарым-қатынаста болады.
БАЛЫҚТАР
Табиғаты: Романтик, мейірімді және сезімтал.
Аға/әпке: Бауырларына асқан жылышыраймен қарайды, әрқайсының сезімдерін бағалайды, терең түсінуге тырысады. Әрдайым эмоционалды қолдау көрсетеді.
Іні/сіңлі: Сезімтал, бірақ қиялшыл, бауырларымен терең байланыс орнатады.
Жалпы, әр белгі бауырларына өзінше қамқорлық танытады. Олардың мінез-құлқы отбасындағы қарым-қатынастың ерекше болуына әсер етеді.
Аударған: А. Мейірханқызы,
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: