​ЖҰЛДЫЗНАМА БОЙЫНША: қандай КЕЛІНСІЗ?

0
123


​ЖҰЛДЫЗНАМА БОЙЫНША: қандай КЕЛІНСІЗ?

көрнекілік үшін сурет: pinterest.com

Туған күніңізді бір таңбалы санға дейін қосыңыз:

Мысалы: 27 → 2 + 7 = 9 немесе 28 → 2 + 9 = 11 → 1 + 1 = 2

Нәтижедегі шыққан санның сипаттамасын оқыңыз.


1 – Батыл, тік мінезді келін

Шындықты жасырмайды, жауапкершілігі мықты. Қайын жұртқа барған күні-ақ бар болмысын, қандай адам екенін көрсетіп қояды. Тапсырған шаруаны да, үлкендердің сөзін де бірден қағып алып отырады. Барған үйінің бар тірлігін үйіріп әкетеді. Кім не деп қалады деп жалтақтамай, ойын ашық жеткізеді. Ешкімнен тайсақтамай, тік сөйлейді.


2 – Нәзік, елгезек, татуластырушы келін

Түсініспей қалғандарды табыстырып, жараспай жатқандарды жарастырып жүретін, үй ішінің бірлігі мен татулығын өз жауапкершілігі деп санайтын келін. Мінезі жұмсақ, дегенмен ешкімді билеп-төстемей-ақ, сол жұмсаөығымен әр сөзіне ерітіп жібереді. Сондықтан сөзі өтімді, екінің бірі соңынан ере кетуге дайын. Шайы дәмді, қабағы ашық, үйдің берекесі мен мерекесі.


3 – Көңілді, шығармашыл, көпшіл келін

Бұл келін әрдайым жүзі жарқын болып, күліп тұрады. Әзіл-қалжыңы орнымен, сән мен салтанат жағынан да алда. Той-думанда би бастайтын, дастарқанды жайнатып жіберетін, елдің көңілін көтеретін келін.


4 – Тәртіппен жүретін келін

Үйі тап-тұйнақтай, тірлігі тастай келін. «Үйдегі әр заттың орны бар, әр жұмыстың реті бар» деген ұстанымды ту етеді. Шаруасынан шашау шығармайтын, тазалық пен тәртіпке берік келін. Елең-алаңы жоқ, бәрін жоспармен жасағандықтан, әр ісінің нәтижесі мақтарлықтай болады. Мұндай келінге кез келген істі сеніп тапсырып, алаңсыз жүруге болады.


5 – Өмірсүйгіш, қонақжай, ширақ келін

Қонақжай, дастарханы бір жиылмайтыр, берекелі келін. Әрдайым жаңа нәрсе үйренуге құмар. Сондықтан қолынан неше түрлі іс келеді. Қарашаңыраққа барса, үйді қопарып, жөндеу жұмыстарын жасап, жинап-тазалап кетеді. Әншілік-бишілік өнері бар, әркіммен жараса кететін қалжыңы бар, дастарханды жайнатып жіберетін қабілеті бар. Соның арқасында жүрген жерін ойын-тойға айналдырып жіберетін келін.


6 – Мейірімді, жанашыр, отбасының алтын діңгегі

Үлкенге құрмет, кішіге қамқорлық – олар үшін ең биік құндылық. Жан жылуы мол, үйді ұйытып ұстайды. Өз ата-ене, күйеуі, балаларымен қоса, қайынжұрттағы бар туған-туыстың, төркіннің, тіпті көршінің және олардың ит-мысығына дейін жағдайын ойлап жүретін нағыз қамқор келін.


7 – Терең ойлы, рухани келін

Сөзі аз, ісі бачу, бірақ ақылы көл-дария келін. Үлкенді тыңдап, әр сөзін аңд ап сөйлейді. Сырын бірден ашпайды, бірақ бір сөйлесе, ақылымен сүйсіндіреді. Бәрін ішкі логикамен қабылдап, жүрек таразысына тарту арқылы әрдайым дұрыс жол мен жауапты дөп басып табады.


8 Еңбекқор, берекені арттыратын келін

Сіз бар жерде шаруаның тоқтауы мүмкін емес. Үнемдісіз, табысқа бейімсіз. «Берекені әйел кіргізеді» дегендей, үйді де, дастарқанды да толтырып жүретін келін. Кейде айтқанынан қайтпайтын, мақсатына жетпей тынбайтын тентектеу мінезі де бар. Тәуекел мен өзгерістен қорықпайды. Олардан адалдық пен шынайылықтың лебі аңқып тұрады. Ойындағыны ойланбай айтып салатын аңқылдақтығы, соның кесірінен кейде тілін тістеп қалатыны тағы бар.


9 Дана, парасатты келін

Әулеттің дана келіні. Әр сөзді салмақтап, әр қадамды ақылмен басады. Кімнің кім екенін, кімге қалай сөйлеу керегін біледі, барлығымен тіл табысады. Соның арқасында қайын жұртқа да, өз жұртына да сыйлы. Ақылына жүгінетін, үлкендердің де көңілінен шығатын, әулеттің «ақылшы келіні».

Аударған: А. Мейірханқызы,

ERNUR.KZ