Әлемдегі кедей ел Түркияға төрт миллион доллар жинап берді

0
2 969

Қайырымдылық акциясын Сомали премьер-министрі Хамза Абди Барре бастаған.


Әлемдегі кедей ел Түркияға төрт миллион доллар жинап берді

ERNUR.KZ. Сомалиде екі күн ішінде Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендер үшін төрт миллион доллар жиналды, деп жазады ulysmedia.kz.

TRT арнасының мәліметінше, жиналған қаражаттың бір миллион долларын үкімет берсе, ал қалған үш миллионын осы Африка елінің азаматтары жинады.

Қайырымдылық акциясын Сомали премьер-министрі Хамза Абди Барре бастаған.

Сомали 2021 жылы жан басына шаққандағы ЖІӨ 446 долларға тең әлемдегі ең кедей елдердің қатарына кіреді (Қазақстанда 10 373 доллар).