Түрік сейсмологі жақында Түркияда тағы бір жойқын зілзала болатынын болжады

0
706

Ол 7 балдық болуы мүмкін.


Түрік сейсмологі жақында Түркияда тағы бір жойқын зілзала болатынын болжады

ERNUR.KZ. Түрік сейсмологі Доган Перинчек зілзала Дарданелл бұғазының жағасындағы портты қала Чанаккале аймағында болуы мүмкін екенін айтты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Ғалым соңғы 10 күнде Мәрмәр теңізінің сейсмикалық белсенділігінің жоғарылағаны байқалғанын мәлімдеген.

«Бұл аймақта шамамен 250 жылда бір рет болатын жер сілкінісі шамамен 7 балдық дүмпуді тудырады. Бұл соңғы рет 287 жыл бұрын болған. Уақыт келді, кез келген уақытта онда дүмпу басталуы мүмкін», - деді сейсмолог.

Айта кетейік, Түркия мен Сириядағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 12 мың адамнан асып кетті. Адамдардың үйінді астында жатқанына үшінші күн болғандықтан, құрбандар саны әлі де арта түседі деген болжам бар.