Түркиядағы жер сілкінісінен көз жұмғандар саны 39,6 мыңнан асты

0
1 104

Сүлеймен Сойлудың айтуынша, табиғат апаты кезінде құлаған 20 мыңнан астам ғимарат орнында іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілді.


Түркиядағы жер сілкінісінен көз жұмғандар саны 39,6 мыңнан асты

ERNUR.KZ. Түркияның Ішкі істер министрлігінің басшысы Сүлейман Сойлу жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 39 672-ге жеткенін мәлімдеді, деп жазады Stan.kz

Сүлеймен Сойлудың айтуынша, табиғат апаты кезінде құлаған 20 мыңнан астам ғимарат орнында іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда іздестіру-құтқару жұмыстарының басым бөлігі аяқталған.

6 ақпанда Кахраманмарашта магнитудасы 7 балдан асатын екі жер сілкінісі болды. Жер сілкінісі елдің 10 провинциясында, сондай-ақ көршілес мемлекеттерде, соның ішінде Сирияда да сезілді.