Түркиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 38 мыңға жетті

0
705

Хатай провинциясының тұрғындары жақында тағы да дүмпуді сезінді.


Түркиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 38 мыңға жетті

ERNUR.KZ. Түркия билігі жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 38 044-ке жеткенін мәлімдеді, деп жазады zakon.kz.

"Кейінгі мәліметтер бойынша Кахраманмараш, Газиантеп, Шанлыурфа, Диярбакыр, Адана, Адьяман, Османие, Хатай, Килис, Малатия және Элазыг қалаларында болған жер сілкінісінің салдарынан барлығы 38 044 адам қаза тапты. Бірінші жер сілкінісінен кейін аймақта 4,7 мыңнан астам қайталанған жер сілкінісі болды".Түркияның төтенше жағдайлар басқармасы

Хатай провинциясының тұрғындары жақында тағы да дүмпуді сезінді. Ақпан айының басындағы жер сілкінісінен кейін бірнеше ғимарат қирады.

Жаңа жер сілкінісінің ошағы Жерорта теңізінің шамамен 10 шақырым тереңдігінде болды. Ол түрік жағалауынан шамамен 5 шақырым қашықта орналасқан.