Қазақстан бастамасымен Түркияда киіз үй қалашықтары пайда болады

0
878

Бұл туралы журналист Нұрбек Бекбау айтты.


Қазақстан бастамасымен Түркияда киіз үй қалашықтары пайда болады

ERNUR.KZ. Түркияның жер сілкінісі болған аймақтарында киіз үй қалашықтары пайда болады. Бұл туралы журналист Нұрбек Бекбау айтты, деп жазады sputnik.kz.

Бұған дейін ол бауырлас мемлекетке киіз үй жіберуді ұсынып, ақша жинауды бастаған. Екі күннің ішінде 20 миллионға жуық қаржы жиналған. Бүгін осы ақшаға 45 киіз үй сатып алынды.
"Үш Газельмен 45 киіз үйді "Turkish Airlines" әуе компаниясының қоймасына жібердік. Ары қарай Түркияға ұшып барамын. Киіз үй қалашықтары қирап қалған қалалардың жанынан тұрғызылады", - деді Бекбау.
Оның айтуынша, қарапайым адамдар тағы 15-16 киіз үй, ал кәсіпкерлер 30 киіз үй сатып алды. Оны да қоймаға жеткізген.
"Сонда Қазақстаннан, шамамен, 100 киіз жіберіледі. Ертең бәрін жүк ұшағына тиеп, алып барады. Осымен киіз үйге ақша жинау аяқталды. Енді бәрін апарып, құрастырып қою қажет. Қазір, шамамен, 2 миллион 800 мың теңгедей артық қалып отыр. Оған бір қазан, самауыр және тағы басқа заттарды аламыз", - деп атап өтті журналист.