Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 50 мыңнан асты

0
1 287

Бұл туралы апат және төтенше жағдайлар басқармасының басшысы Юнус Сезер мәлімдеді.


Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 50 мыңнан асты

ERNUR.KZ. 6 ақпан күні Қахраманмарашта болған зілзалада қаза тапқандар саны 50 мың 96-ға, ал жараланғандар саны 107 мың 204-ке жетті, деп жазады inbusiness.kz.

Жер сілкінісі кезінде қираған ғимараттарға қатысты тергеу аясында 300-ге жақын күдікті ұсталды. Оның 104-і мердігер, 161-і ғимаратқа жауапты, 15-і меншік иесі және қалған 18-і ғимаратқа өзгеріс енгізгендер.

Сезердің айтуынша, жер сілкінісі болған 11 провинцияда барлығы 1 миллион 895 мың 348 ғимарат зақымданған.

Ал 6 ақпан мен 19 наурыз аралығында 7 жоғары балдық зілзала және 18 738 кейінгі дүмпулер тіркелді.

Сонымен қатар апат аймағына 90 елден 11 мың 488 адам көмекке келген.