Өзбекстан азаматы Түркиядағы жер сілкінісі кезінде көз жұмды

0
885

4 өзбекстандық із-түзсіз жоғалғандар тізімінде.


Өзбекстан азаматы Түркиядағы жер сілкінісі кезінде көз жұмды

ERNUR.KZ. Түркиядағы жер сілкінісі кезінде Өзбекстан азаматы қаза тауып, тағы төрт өзбекстандық хабар-ошарсыз кетті, деп жазады ҚазАқпарат.

«Түркияның Малатия провинциясында зілзаладан Өзбекстан азаматы көз жұмған. Сонымен қатар 4 өзбекстандық із-түзсіз жоғалғандар тізімінде. Олардың тұрған жерін анықтау бойынша іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілуде», - делінген Өзбекстан ведомствосының хабарламасында.

Бұған дейін хабарланғандай, Өзбекстан Түркияға 60 құтқарушы жіберді. Құтқарушылары 10 мыңнан астам өзбек тұратын Хатай ауданы Овакент ауылында іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізуде.

Соңғы мәлімет бойынша Түркиядағы екі жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 5834-ке жетті, 34 810 адам жарақат алды.