Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 41 мыңнан асты

0
594

Зілзаладан кейін 6 210 афтершок болған.


Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 41 мыңнан асты

ERNUR.KZ. Түркияның оңтүстігінде жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 41 020 адамға жетті. Бұл туралы Түркияның Төтенше жағдайларды жою басқармасы (AFAD) мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

Зілзаладан кейін 6 210 афтершок болған, деп атап өтті ведомстводан.

AFAD мәліметтері бойынша, қазіргі уақытта «жер бетінде» Түркия мен шет елдерден келген іздеу-құтқару жасағының 19 436 мүшесі жұмыс істейді.

Апат аймағында барлығы 216 166 шатыр орнатылды, оларды Түркияның министрліктері мен тиісті мекемелері, сондай-ақ шет елдер мен халықаралық ұйымдар ұсынды.