Түркиядағы жер сілкінісі: Қаза болғандар саны артып жатыр

0
893

76 адам қаза тауып, 440-і жарақат алды.


Түркиядағы жер сілкінісі: Қаза болғандар саны артып жатыр

ERNUR.KZ. Түркияда болған алапат жер сілкінісі салдарынан 76 адам қаза тауып, 440- жарақат алды және 140 ғимарат қираған, деп жазады ҚазАқпарат.

Бұған дейін хабарланғандай,Түркияның оңтүстік-шығысындағы Газиантеп провинциясында 6,4-6,6 магнитудалы, кейін 7,4 магнитудалы қуатты жер сілкінісі болды.

Агенттік мәліметінше, 6,4 және 6,6 магнитудалы екі жерасты дүмпуі Нурдагы ауданында, 7,4 баллдық жер сілкінісі Кахраманмараш провинциясындағы Пазарджик ауданында жергілікті уақыт бойынша 04:17-де 7 км тереңдікте болған. Содан кейін жер сілкінісі әр түрлі аймақтарда - Адана, Анкара, Анталья, Газиантеп, Кайсери, Мерсин, Трабзон, Урфада жарты сағат бойы сезілген.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат толықтырылуда.