Түркияда жер сілкінісі құрбандарының саны 1 014 дейін өсті

0
1 020

Жер асты дүмпулері Израильде, Арменияда, Абхазияда және Грузияда да сезілді.


Түркияда жер сілкінісі құрбандарының саны 1 014 дейін өсті

ERNUR.KZ. Түркияда жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 1014-ке дейін өсті, деп хабарлады Төтенше жағдайлар басқармасының (Afad) басшысы Юнус Сезер. Оның айтуынша, 2,8 мыңнан астам ғимарат қираған, деп жазады stan.kz.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін таңғы сағат 4 шамасында елдің оңтүстік-шығысында орналасқан Түркияның Кахраманмараш провинциясында 7,7 баллдық жер сілкінісі болды (бастапқыда 7,4 балл туралы хабарланған, кейінірек деректер нақтыланған). Одан кейін ондаған жер сілкінісі болды. Түстен кейін Түркияның орталық бөлігінде тағы 7,7 баллдық жер сілкінісі болды.

Жер сілкінісі Сирия аумағына да әсер етті. Елдің денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 371 адам қаза тапқан.

Жер асты дүмпулері Израильде, Арменияда, Абхазияда және Грузияда да сезілді.