Түркияда зілзаладан қираған 6 үйдің мердігері ұсталды

0
694

Дәл осы үйлердің астында соңғы мәліметтер бойынша 123 адам қаза тапты.


Түркияда зілзаладан қираған 6 үйдің мердігері ұсталды

ERNUR.KZ. Түркияның Мерсин провинциясында Адыяман провинциясының Бесни ауданындағы жер сілкінісі салдарынан қираған алты үйдің мердігері ұсталды, деп жазады inbusiness.kz.

Адыяман прокуратурасы Шүкрю Ишитмен салған үйлер үйінділерінің астында 123 адам қаза тапқанын хабарлады.

Ишиме ұсталып, Бесни ауданына жеткізіледі.

Іс бойынша тергеу жалғасуда.

Түркияда 6 ақпан күнгі жойқын жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 29,6 мыңнан асты.