АҚШ-та 500 071 науқас коронавирустан қайтыс болған.
ERNUR.KZ. АҚШ президенті Джо Байден коронавирустан қайтыс болған америкалықтарға бес күндік аза тұту жариялады. АҚШ-та коронавирустан көз жұмғандар саны жарты миллионнан асты, деп жазады tengrinews.kz.
АҚШ-та коронавирустан қайтыс болғандарды аза тұту кезінде бүкіл елдегі жалаулар бес күнге түсіріледі.
Джонс Хопкинс Университетінің мәліметінше, АҚШ-та 500 071 науқас коронавирустан қайтыс болған. Бұл ретте ел көшбасшы. АҚШ-та жалпы 28 миллионнан аса коронавирус жағдайы тіркелген.
The New York Times газетінің мәліметінше, COVID-19-дан көз жұмған америкалықтар саны Вьетнам соғысында, сондай-ақ Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыстардағы елдің әскери шығынынан асып түсті. Ардагерлер істері министрлігінің мәліметінше, осы үш соғыстың салдарынан 392,3 мың америкалық қайтыс болған.