АҚШ-та 50 градусқа дейін күн ысуы мүмкін

0
629

Аптап ыстық 30 миллион адамға қауіп төндіріп тұр, дейді мамандар.


АҚШ-та 50 градусқа дейін күн ысуы мүмкін

ERNUR.KZ. АҚШ-тың Аризона штатында күн жанып тұр, деп жазады «Хабар 24».

Сынап бағаны 50 градусқа дейін жетуі мүмкін. Аптап ыстық 30 миллион адамға қауіп төндіріп тұр, дейді мамандар. Сондықтан құрама штаттардың 12 округінде дабыл жарияланды. Билік тұрғындарға сыртқа шықпауға кеңес берді. Өткен сәрсенбіде штаттың әкімшілік орталығы Феникс қаласында ауа температурасы 43 градусқа дейін көтерілді. Онда мұндай қолайсыз ауа-райы соңғы рет 1996 жылдың маусымында тіркеліпті. Жауапты органдар күн тағы қатты ысыса, кісі өлімінің көбеюіне әкеп соғады- дейді.

"Өкінішке қарай, былтыр бір ғана Марикопа округінде аптап салдарынан 338 адам көз жұмды. Осындай қайғылы оқиғалар қайталанбас үшін қазірден қызу жұмыс істеп жатырмыз. Аймақта ыстық ауа райы кезінде көмек көрсететін 260-тан астам арнайы өкілдік құрылды. Олардың арасында үкіметтік емес ұйым қызметкерлері, діни орталықтар бар. Салқындату орталығын аштық. Онда ауа баптағыш пен салқын ауыз су болады," - деді, Марикопа округі ақпарат орталығының қызметкері, Хуан Хуарес.