Мәскеу Украинаға қару-жарақ жеткізу жағдайды реттеуге кедергі келтіреді, НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады деп санайды.
фото: Sputnik / Антон Денисов
ERNUR.KZ. АҚШ-тың НАТО жанындағы елшісі Мэтью Уитакер Америка Украинаға болашақта қолдау көрсету туралы әлі шешім қабылдамағанын, өйткені бейбіт келіссөзге үміт артатынын мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.
"Бұған дейін айтқанымдай, Америка Құрама Штаттары (бейбіт – ред.) келіссөзге назар аударып отыр. Сондықтан болашақ көмек туралы ешқандай шешім қабылданған жоқ", - деді Уитакер журналистерге "АҚШ Киевке қару-жарақ беруге дайын ба?" деген сұраққа жауап беріп.
Мәскеу Украинаға қару-жарақ жеткізу жағдайды реттеуге кедергі келтіреді, НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады деп санайды. Ресей бұған дейін Украинаға қару-жарақ жеткізілуіне байланысты НАТО елдеріне ескерту жіберген. Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров Украинаға қару-жарақ жіберген кез келген жүк Ресей үшін заңды нысана болатынын айтты.
Ресей Федерациясының сыртқы саясат ведомствосы НАТО елдері Украинаға қару-жарақ жеткізу арқылы "отпен ойнап отыр" деп мәлімдеді.