Ер адам серігімен бірге 22 желтоқсан күні, нашар ауа-райы кезінде тауда адасып кеткен.
Фото: Хорошо-Там
ERNUR.KZ. ABC News-тің дерегінше, құтқарушылар тобы шатқалдан өмір белгілері жоқ ер адамды тапқан, деп жазады inbusiness.kz.
Словенияның тау құтқарушылары өткен аптада Альпідегі боран кезінде адасқан венгрлік туристтің денесін тапты.
Словениялық полиция тікұшағы құтқарушыларды оқиға орнына арқан арқылы түсірді. Осылайша, олар жоғалған адамды тапты. Туристтің денесі екі метр қардың астында қалған.
Ер адам серігімен бірге 22 желтоқсан күні, нашар ауа-райы кезінде тауда адасып кеткен. Оның қасындағы екінші саяхатшы 23 желтоқсан күні табылып, қауіпсіз жерге жеткізілді. Алайда, құтқарушылар аяғы сынған ер адамды таба алмаған. Олар бірнеше күн бойы қатты желдің салдарынан аймақта тікұшақты ұшыра алмапты.
Словения альпинизммен және Альпі тауларымен танымал. Билік шетелдік қонақтарды сапарға шықпас бұрын үнемі мұқият дайындалуды ескертіп, ауа-райының құбылмалы болуы мүмкін екенін еске салды.