Ауғанстанда су тасқынынан 190 адам қаза тапты 01.09.2020 14:54 0 611 Су тасқыны салдарынан 3 мыңға жуық үй қираған. ERNUR.KZ. Ауғанстанда су тасқынынан 190 адам қаза тауып, тағы 172 адам зардап шекті, деп хабарлайды Хабар24.Бұл туралы TOLOnews елдің Табиғи апаттармен күрес министрлігіне сілтеме жасап хабарлады. Мистрліктің мәліметінше, су тасқыны салдарынан 2960 үй бүлініп, 1055 ғимарат толығымен қираған.