Қазақстандықтар Армения аэропортында тұрып қалды

0
953

Санаулы минуттарда Ереванның барлық көшелерінде көлік құралдары тоқтап, жаяу жүргіншілердің саны көбейіп кеткен.


Қазақстандықтар Армения аэропортында тұрып қалды

Ереванда өтіп жатқан шерулерге жолаушы тасымалдайтын компания қызметкерлері де қосылды. Соның салдарынан Армениядағы қазақстандық туристер кері қайта алмай қалды деп хабарлайды ERNUR.KZ Today.kz сайтына сілтеме жасап.

Санаулы минуттарда Ереванның барлық көшелерінде көлік құралдары тоқтап, жаяу жүргіншілердің саны көбейіп кеткен. Қолдарына транспарант ұстаған адамдар өз кандидаттарын премьер-министрлікке ұсынуда. «Звартноц» аэропортының жүздеген қызметкерлері де ереуілге шықты. Осы жағдайдың әсерінен ондаған авиарейстер кейінге қалдырылды.