Барселонадағы опера театры өсімдіктердің алдында концерт берді

0
701

Партер мен амфитеатрдағы барлық орынды 2 мыңнан аса бөлме өсімдігі алып жатты.


Барселонадағы опера театры өсімдіктердің алдында концерт берді

ERNUR.KZ. Барселонадағы «Лисеу» опера театры карантиннен кейін алғашқы концерт берді, деп хабарлайды Хабар24.

Театр осы маусымдағы алғашқы қойылымын өсімдіктерге арнады. Партер мен амфитеатрдағы барлық орынды 2 мыңнан бөлме өсімдігі алып жатты.

Ал әртістер Джакомо Пуччинидің «Хризантемалар» серенадасын орындады.

Концерттен кейін бұл өсімдіктердің барлығы медицина қызметкерлеріне сыйға тартылды. Өнерпаздар індетпен күресте көзге түскендерге өз алғысын осылай білдірді.