Boeing цифрлы ұшақ шығарды

0
944

Ұшақ швед компаниясымен бірге өндірілді.


Boeing цифрлы ұшақ шығарды

ERNUR.KZ. Boeing компаниясы алғаш рет цифрлық инженерия әдісімен ұшақ жасап шығарды, деп жазады «Хабар 24».

Әзірше T-7A үлгідегі ұшақ оқу-жаттығу үшін жасалды. Өндірушілердің айтуынша әуе көлігінің дизайны, бағдарламалық жасақтамасы мен жобалау технологиясы толық цифрландырылған.

Ұшақ швед компаниясымен бірге өндірілді. Жобаның жалпы құны 9,2 млрд ақш долларын құраған. Бұл сомаға 351 оқу жаттығу ұшағын шығару жоспарланған.