Сыртқы істер министрі Ян Липавскийдің айтуынша, өзгертулер 25 қазаннан бастап күшіне енеді.
ERNUR.KZ. Республика үкіметі мұндай шешімді 12 қазанда қабылдады. Оған сәйкес 25 қазаннан бастап шенген визасы бар ресейліктердің Чехияға кіруіне рұқсат жоқ, деп жазады inbusiness.kz.
Сыртқы істер министрі Ян Липавскийдің айтуынша, өзгертулер 25 қазаннан бастап күшіне енеді. Шенген аймағының сыртқы шекаралары арқылы, яғни халықаралық әуежай арқылы туризм, спорт немесе мәдени мақсаттармен келген барлық Ресей азаматтарына кіруге рұқсат берілмейді. Бұл шара ЕО-ның кез келген елі берген Шенген визасы бар саяхатшыға қатысты.
Сонымен бірге Чехия Үкіметі Украина мен Беларусь студенттерінің жағдайын зерделеген. Липавский бұған дейін Чехияға тек республикада отбасы мүшелері қалған Беларусь азаматтары ғана кіре алатындығын айтқан болатын. Енді халықаралық стипендия негізінде оқитын Беларусь студенттері еш қиындықсыз Чехия аумағына кіре алады.