Себебі бала көтерген нәзік жандар ковид жұқтырған жағдайда салдары аса қауіпті болуы мүмкін.
ERNUR.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бала емізетін аналарға коронавирусқа қарсы вакцина алуға кеңес берді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Сарапшылардың айтуынша, қысқа мерзімді зерттеулер екпе алу емшектегі балаға ешқандай қауіп төндірмейтінін көрсеткен. Мамандар сәбиге иммунитет сүт арқылы берілетінін айтады. Бұдан басқа, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жүкті әйелдерді вакциналу бойынша басымдыққа ие топтардың қатарына жатқызуды ұсынды. Себебі бала көтерген нәзік жандар ковид жұқтырған жағдайда салдары аса қауіпті болуы мүмкін.