ДДСҰ: Маймыл шешегі Африкада 6 айдан соң ғана тоқтауы мүмкін

0
418

анаулы күндерде маймыл шешегіне қарсы 230 мыңдай екпе Конго мен тағы бірнеше елге жеткізіледі.


ДДСҰ: Маймыл шешегі Африкада 6 айдан соң ғана тоқтауы мүмкін

ERNUR.KZ. Африкада маймыл шешегінің өршуі жарты жылдан кейін ғана тоқтауы мүмкін, деп жазады zakon.kz.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус осылай деп мәлімдеді.

Санаулы күндерде маймыл шешегіне қарсы 230 мыңдай екпе Конго мен тағы бірнеше елге жеткізіледі.

Бұл вирустың тарауын бәсеңдетуге жеткілікті.

Шілде айында Африканың бірқатар елінде маймыл шешегінің жылдам тарайтын жаңа штамы тіркелді.

Осыған байланысты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өткен айда жаһандық төтенше жағдай жариялаған еді.