ЮНИСЕФ пен ДДҰ қызылша індеті белсенді дамыған елдердің үкіметтерін шұғыл түрде ауруды анықтауға және вакцинациялау науқанын күшейтуге шақырды.
Фото: iStock
ERNUR.KZ. Жаңа есеп бойынша, өткен жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық аймақтық бюросына мүше елдерде қызылша ауруының 127 мыңнан астам жағдайы тіркелген, деп жазады inform.kz.
Бір алаңдатарлығы, бұл 2023 жылғы көрсеткіштен екі есе көп және 1997 жылдан бері тіркелген ең жоғары көрсеткіш.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен ЮНИСЕФ-тің осыған байланысты талдауы бойынша Еуропа мен Орталық Азияның 53 елі кіретін аймақта қызылша диагнозы қойылған науқастардың 40 пайыздан астамы бес жасқа дейінгі балалар.
Бұл өсім коронавирустық пандемия кезінде вакцинациямен қамтудың төмендеуіне байланысты.
Бірақ сарапшылар әлі де бірқатар елдерде вакцинацияны қабылдау пандемияға дейінгі деңгейге оралмағанына алаңдайды. Бұл эпидемия қаупін арттырады.
ЮНИСЕФ пен ДДҰ қызылша індеті белсенді дамыған елдердің үкіметтерін шұғыл түрде ауруды анықтауға және вакцинациялау науқанын күшейтуге шақырды.