Президент баяндамасының басым бөлігі Египет пен араб елдеріне төндіретін қауіп-қатерлерге арналды.
ERNUR.KZ.Египет президенті Абд әл-Фаттах ас-Сиси әскери академияның бітіруші түлектері алдында баяндама жасады. Президент баяндамасының басым бөлігі Египет пен араб елдеріне төндіретін қауіп-қатерлерге арналды, деп жазады kazislam.kz.
Мысыр басшысы соңғы үш айдың өзінде үкімет «кемі 21 мың жалған қауесет» анықтаған.
«Шын қауіп елді іштен бүлдіруден басталады. Террористік акт туралы қауесеттер – соның бір түрі. Олардың мақсаты бір – жұртты дүрліктіріп, елді жою… Біздің елді тек іштен жоя алады… Біз бұған аса сақтықпен қарауымыз керек, бізге қарсы жасырын жайылып жатқан дүниелерден сақ болуымыз қажет» дейді Ас-Сиси.
Мемлекет басшысы экономикалық қиындықтарға тап болған мысыр халқының көтеріп отырған ауыртпашылығын да атап өтті. Дегенмен, президент бұл жағдайлар елдің тұрақсыздыққа апармауы қажеттігін жеткізді.