Ер адам термостан су ішкеннен кейін көз жұмды

0
155

Көз жұмған адам бауыр мен бүйрек ауруларымен ауырған және оның ағзасы инфекцияларға ерекше осал болған.


Ер адам термостан су ішкеннен кейін көз жұмды

Фото: depositphotos.com

ERNUR.KZ. Тайваньда 54 жастағы ер адам тот басқан термостан су ішкеннен кейін көз жұмды, жазады stan.kz.

Mothership басылымының мәліметінше, көз жұмған адам бауыр мен бүйрек ауруларымен ауырған және оның ағзасы инфекцияларға ерекше осал болған. Ер адам 10 жыл бойы пайдаланылған термостан су ішіп, күдікті қорғасыннан улану салдарынан көз жұмды деген болжам бар. Марқұмның күнделікті бір термосты қолданғаны және оның бетіндегі тот белгілерін байқамағаны анықталды.

Дәрігерлердің айтуынша, ер адам бірнеше ай бойы қолданылмай тұрған термостан су ішкен. Ол термосты ыстық сумен толтырып, бірнеше жұтым жасағаннан кейін улану белгілері пайда болған. Ол бірден ауруханаға жатқызылған, бірақ оны құтқару мүмкін болмады.

Өлімге Burkholderia pseudomallei бактериясы себеп болған. Бұл бактерия мелиоидоз ауруын тудырады сирек кездесетін, бірақ өмірге қауіпті жұқпалы дерт, ол лас су немесе топырақпен жанасқанда дамуы мүмкін. Бұл жағдайда инфекцияның көзі ретінде тот басқан термостың ішіндегі тот болуы ықтимал, онда зиян микроорганизмдер сақталуы мүмкін.