Индонезия астанасын су басты

0
2 554

Муссон әкелген жаңбыр бірнеше күн толассыз жауған.


Индонезия астанасын су басты

ERNUR.KZ. Нөсер жауын кезіндегі су тасқыны салдарынан Индонезия астанасының 1 300 тұрғыны үйін тастап кетті. Бірнеше өзен деңгейі көтеріліп, көптеген кварталды су басты, Жакартаның бірнеше ауданында көтерілген су деңгейі екі метрден асып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Табиғат апатына қарамастан эвакуация жүйелі ұйымдастырылған. Зардап шеккендерге қатысты әзірге мәлімет хабарланбады. Қазір су деңгейі біртіндеп түсіп жатыр, кейбіреулер үйіне қайтып келе бастады.

Муссон әкелген жаңбыр бірнеше күн толассыз жауған. Явада лай көшкін жүріп, бір ауылдың 18 адамы өлді. Су басып қалған жол көмек беруге кедергі келтіріп отыр.

Синоптиктер келесі аптады муссон жаңбыры қайта келеді деп ескертіп жатыр. Бұл жолы нөсер дауыл және найзағайлы болады деп болжанған.