Испаниядағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 205-ке жетті: Құтқарушылар кейбір аудандарға жете алмай жатыр

0
269

31 қазаннан бастап елде үш күндік аза тұту жарияланды.


Испаниядағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 205-ке жетті: Құтқарушылар кейбір аудандарға жете алмай жатыр

ERNUR.KZ. Испанияда соңғы жарты ғасырдағы ең жойқын табиғи апат болып есептелетін тасқындардың салдарынан қаза тапқандар саны 205 адамға жетті. Валенсияның кейбір аудандарына құтқарушылар әлі де жете алмай жатыр, деп жазады Stan.kz.

Із-түссіз жоғалғандарды іздеу үшін шамамен 500 әскери жұмылдырылған. Табиғи апаттан ең көп зардап шеккен аудандарда құтқару қызметтері уақытша мәйіттерді сақтайтын жер ретінде конференц-залдарды пайдаланып отыр.

Шамамен 75 мың үй әлі де электр қуатынсыз. Аман қалған тұрғындар қауіпті жағдайға әрекет етуге уақыттары аз және бәрі өте жылдам болғанын айтады.

Испанияда су тасқындарын тудырған қатты жауын-шашын 29 қазан күні басталған. Елдің оңтүстік-шығысында бар болғаны сегіз сағат ішінде жылдық жауын-шашын мөлшері жауып, арнасынан шыққан өзендер жолдар мен теміржолдарды қиратып тастаған. Инфрақұрылымға келген шығын жүздеген миллион еуроға бағаланды.

31 қазаннан бастап елде үш күндік аза тұту жарияланды.