Киев тұрғындары үйіне оралып жатыр

0
561

БҰҰ-ның мәлімдеуінше, шетелге қашқан босқындар саны 7 млн адамнан асқан.


Киев тұрғындары үйіне оралып жатыр

ERNUR.KZ. Украинаның орталық, солтүстік және шығыс аймағында ауыр қарулы қақтығыс жалғасып жатыр, деп жазады 24.kz.

БҰҰ-ның мәлімдеуінше, шетелге қашқан босқындар саны 7 млн адамнан асқан. Дегенмен ел астанасы – Киевке тұрғындар қайтып келе бастаған. Қала мэрі Виталий Кличко қауіпке қарамастан күніне 50 мың тұрғын үйіне оралып жатқанын айтады. Қазір қаладағы орталық вокзалдың қауіпсіздігі күшейтілді. Жолаушылар бекетіне кешенді тексеру жүйесі орнатылды. Пойыздан түскен әр жолаушының құжаты да жіті тексеріледі.

Вокзалда тексеріс күшейгенімен, қаланың ішіндегі блокпостар алынған. Бір ай бұрын қала орталығында блокпостар көп еді, ал қазір біртіндеп қалыпты өмір сүру қалпына көшкен. Кафе, мейрамхана, дүкендер мен сауда орталықтары жұмыс істеп тұр. Дегенмен шаһардың территориялық аумағын қорғау мықтап қолға алынған.

Қала әкімшілігінің қауіпсіздік басқармасы мәлім еткендей, күніне 200 ерікті территориялық аймақты күзетуге өтініш білдіреді. Әскери комиссариаттағы аумақтық қорғаныс батальонының өкілдері олардың моральдық, медициналық және іскерлік қабілеттерін анықтайды. Егер ерікті барлық талапқа сай келсе, екіжақты келісімге қол қойылады және олар қару-жарақпен қамтамасыз етіледі.