Қырғызстан ЖОО ректорларының шетелдік студенттерге жеке жауапкершілігін арттырды

0
229

Бұл шаралар елдегі көші-қон процестерін мемлекеттік басқару және бақылау жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында қабылданды және пилоттық режимде іске асырылады.


Қырғызстан ЖОО ректорларының шетелдік студенттерге жеке жауапкершілігін арттырды

ERNUR.KZ. Қырғызстанда көші-қон процестерін оңтайландыру шаралары қабылданды. Тиісті жарлыққа мемлекет басшысы қол қойды, деп жазады inform.kz.

Құжатқа сәйкес, Қырғыз Республикасының Министрлер кабинетіне Қырғыз Республикасының аумағында шетелдік азаматтардың "бірыңғай терезе" ережесі бойынша келу және олардың ел аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру тәртібін реттейтін құжаттарды ресімдеуін оңтайландыру тапсырылды. Сондай-ақ сыртқы еңбек көші-қоны саласындағы заңнамада көзделген комиссиялық қарау рәсімдерін тоқтата тұрып, шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған республикалық квотаны бөлу тәртібі қайта қаралуға тиіс.

Бұдан басқа, білім беру ұйымының визалық қолдауымен келген тұлғалар үшін білім беру ұйымдары басшыларының дербес жауапкершілігін күшейту және Қырғызстанға шақырған немесе қабылдайтын адамдардың және азаматтығы жоқ адамдарды тіркеудің және тұру, келу, тұрғылықты жерін өзгерту құқығына құжаттарды ресімдеудің белгіленген тәртібін бұзғаны үшін айыппұл санкцияларын ұлғайту көзделеді.

Бұл шаралар елдегі көші-қон процестерін мемлекеттік басқару және бақылау жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында қабылданды және пилоттық режимде іске асырылады. Пилоттық жоба сәтті интеграцияланған жағдайда, көші-қон процестері Заңмен реттеледі.

Бұған дейін Қырғызстанда Қылмыстық кодекстің шетелдік азаматтарға қатысты қылмыс жасағаны үшін жаза қарастыратын баптарына түзетулер енгізу ұсынылған болатын. Заң жобасында шетелдіктердің денсаулығы мен мүлкіне зиян келтіргені үшін жауапкершілік күшейтілді.