Қырғызстанның оңтүстігінде дамбы жарылды

0
836

​1,5 мыңға жуық адам эвакуацияланды.


Қырғызстанның оңтүстігінде дамбы жарылды

ERNUR.KZ. Қырғызстанның оңтүстігінде дамбы жарылып, су басу қаупіне байланысты 1,5 мыңға жуық адам эвакуацияланды, деп жазады inbusiness.kz.

«6 мамырда 23: 13-те Баткен облысының Қадамжай ауданында Өрүкзар ауылындағы 12 бөгет жарылды. Су тасу қаупіне байланысты ауылдардың 1,5 мыңға жуық Кайтмас, Өрүкзар және Торговый қалаларының тұрғындары эвакуацияланды», – деп жазылған баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ақпаратқа сәйкес, Торговый кентіндегі бірнеше дүкендер мен кафелерді су басты, сонымен қатар Ош-Баткен тас жолы жабылды.

«Тасқын салдарын жою жұмыстары сағат 04: 00-ге дейін жалғасты. Осы уақытқа дейін су деңгейі төмендеді, тұрғындар үйлеріне қайтып жатыр», – деп жазылған хабарламада.