Қытай АҚШ-пен арадағы диалогты жандандыруға дайын екенін білдірді

0
2 850

Сыртқы істер министрі Қытайдың Вашингтонмен ашық түрде сөйлесуге қарсы емес екенін мәлім етті.


Қытай АҚШ-пен арадағы диалогты жандандыруға дайын екенін білдірді

ERNUR.KZ. АҚШ соңғы жылдары Қытаймен арадағы диалогты үзді, Бейжің оны қалпына келтіру үшін атсалысуға дайын. ҚХР-дың Сыртқы істер министрі Ван И осындай мәлімдеме жасады, деп жазады inbusiness.kz.

«Соңғы бірнеше жыл ішінде Құрама Штаттар екі ел арасындағы барлық диалогты үзді, бұл қос ел арасындағы қарым-қатынастың нашарлауына себеп болды. Қытай әрдайым диалог жүргізуге дайын, біз АҚШ-пен кез-келген уақытта ашық сөйлесуге, сондай-ақ мәселелерді шешу үшін келіссөздер жүргізуге дайынбыз», – деді Ван И.

Ведомство басшысы Қытай мен АҚШ-тың әлеуметтік жүйелері, тарихы мен мәдениеті әртүрлі екенін, екі ел арасындағы қайшылықтар мен келіспеушіліктердің болуы заңды құбылыс екенін, бірақ ең бастысы – өзара түсіністікті диалог арқылы нығайту екенін атап өтті.