Қытай шетелдік туристерге елге топпен кіруге рұқсат берді

0
1 075

Министрлік сондай-ақ туристік қызмет көрсету нарығында қызмет көрсету сапасын арттыру және тәртіпті сақтауға күш салуға шақырады.


Қытай шетелдік туристерге елге топпен кіруге рұқсат берді

ERNUR.KZ. Қытайда 31 наурыздан бастап туристік операторларға шетелдік туристер үшін топтық турлар ұйымдастыруға рұқсат берілді, деп жазады Sputnik.kz.

Қытайдың мәдениет және туризм министрлігі елдегі туристік агенттіктер мен онлайн-туризм қызметін ұсынушыларға жұмадан бастап осындай рұқсат берілгенін растады.
Туроператорлар туристік пакеттерді, соның ішінде әуе билеттері мен қонақ үйлерді ұсына алады, деп жазылған министрлік таратқан хабарламада.
Құжатта жергілікті билік әртүрлі індеттердің алдын алу бойынша түрлі шараларды жүзеге асыруға баса назар аудара отырып, туристік агенттіктерге шетелдік әріптестерімен ынтымақтастық орнатуға көмектесу ұсынылған.
Министрлік сондай-ақ туристік қызмет көрсету нарығында қызмет көрсету сапасын арттыру және тәртіпті сақтауға күш салуға шақырады.