Тағы төрт адам зардап шекті.
ERNUR.KZ. Жарылыс Мәскеудің солтүстік-батысындағы «Алые паруса» тұрғын үй кешенінің холында болды, деп жазады inform.kz.
— «Алые паруса» тұрғын үй кешенінің бірінші қабатының залында жарылыс болды. Шыны мен гипсокартон төбесі зақымданған. Өрт болған жоқ, — деп хабарлады агенттіктегі дереккөз.
Төтенше жағдай салдарынан бір адам қаза тауып, тағы төрт адам зардап шекті. Жедел қызмет хабарлауынша, қирандылар болған жоқ.
— Үйді тексерудің алдын ала қорытындысы бойынша тірек құрылымдары зақымданбаған. Бұдан әрі қираулар болмайды, — деп сендірді ведомстводағы дереккөз.