Мьянмада қаза тапқандар саны 1002-ге дейін жетті, 2376 адам зардап шекті.
© Photo : Myanmar Now
ERNUR.KZ. Мьянмада тағы да жер сілкінісі болды, деп жазады sputnik.kz.
Бұл жолы Мьянма астанасы Нейпидодан 19 шақырым жерде болды магнитудасы 5,2 балл.
Жер сілкінісі Астана уақытымен 14-20-да он шақырым тереңдікте болған.
Айта кетейік, бірінші рет 7,7 баллдық жер сілкінісі жұма күні Мьянма аумағында, Сагайн қаласынан 12 шақырым жерде болды. Ошақ он шақырым тереңдікте болған. Дүмпулер көрші елдерде Бангладеш, Үндістан, Таиланд, Лаос және Қытайда да сезілді.
Жергілікті тұрғындар сонымен қатар көптеген жерлерде телефон желілері мен электр қуатының істен шыққан айтып жатыр.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, Мьянмада қаза тапқандар саны 1002-ге дейін жетті, 2376 адам зардап шекті.
Апаттарға қарсы ұлттық комитет Сагайн, Мандалай, Магвей, Баго аймақтарында, Шан штатының солтүстік-шығыс бөлігінде және Нейпидо округінде төтенше жағдай жариялады.
Ресей мен Қытай Мьянмаға жер сілкінісінен зардап шеккендерді іздеуге және құтқаруға көмектесу үшін құтқарушыларды, дәрігерлерді және арнайы іздеу-құтқару жабдықтарын жіберді.