Мьянмада толассыз жауыннан бес адам көз жұмды

0
672

Пиреней экология институтының мамандарының зерттеуіне сәйкес, 1981 жылдан бері оның ауданы үш есе қысқарған.


Мьянмада толассыз жауыннан бес адам көз жұмды

ERNUR.KZ. Аптаптың салдарынан Пиреней тауларындағы ең ірі Ането мұздығының еруі үдей түсті, деп жазады 24.kz

Пиреней экология институтының мамандарының зерттеуіне сәйкес, 1981 жылдан бері оның ауданы үш есе қысқарған. Мұздың қалыңдығы 30 метрге азайды. Әсіресе 2021 мен 2022 жылдары көп еріген. Егер осылай жалғаса берсе, 10 жылдан кейін Ането мұздығы жойылып кетеді дейді ғалымдар.

“Ането мен Пиреней тауларындағы барлық мұздықтардың еруі соңғы кезде үдей түсті. 2022 жылы мұздықтың қалыңдығы 3 метрге азайды, бұл ең жоғары көрсеткіш. Әдетте бір метрі еритін.” - деді Экология институтының зерттеушісі, Начо Лопес.


Мьянма Мьянмада толастамаған жауынның салдарынан су тасып, лай көшкіні жүрген. Табиғи апаттан 5 адам опат болды. 40 мыңнан аса тұрғынды қауіпсіз жерге көшірді. Билік оларды уақытша баспаналарға орналастырып, қажетті көмек көрсетіп отыр. Айта кеткен жөн Мьянмада маусымдап жауатын муссон жаңбыры кезінде өзендер арнасынан шығып су тасқыны жиі болып тұрады.