Мұндай мейрамхана алғаш рет 1895 жылы Берлинде пайда болған.
ERNUR.KZ. Нью-Йоркте өткен ғасырда кеңінен қолданылған автоматтандырылған мейрамханалар қайта жандандырылып жатыр, деп хабарлайды Хабар24.
Қолданыстан шығып қалған тамақтану әдісін жаңғыртуға коронавирус індеті түрткі болған. Осының нәтижесінде қызметкерлер мен тұтынушылар арасында байланыс болмайды.
Сатушы автоматтың бір жағындағы ұяшыққа тамақ, салса адамдар екінші жағынан алады. Асқа тапсырысты онлайн немесе залда тұрған терминал арқылы жасауға болады. Жалпы мұндай мейрамхана алғаш рет 1895 жылы Берлинде пайда болған. 7 жылдан кейін АҚШ-қа тарайды. Бірақ 1970-ші жылдары фастфудтар пайда болып, мұндай орындар қолданыстан шығып қалған еді.
- Бұл кәсіпті қайта қолға алуымыздың бір себебіі қазір адамдар қашықтан сауда жасауды қалайды. Кейбіреулері тіпті қызметкерлермен сөйлесуге қорқады. Жалпы бұған дейін де қолданыста бар әдіс. Коронавирус тек оны жеделдетті әрі тиімділігін көрсетті деп ойлаймын, - дейді Taco Bell компаниясының басшысы Майк Грэмс.