Өзбекстанда туыстардың бір-біріне үйленуіне заң жүзінде тыйым салынады

0
615

Енді туыстар арасындағы, туысқан аға-іні мен апалы-сіңлілер арасындағы, сондай-ақ асырап алушылар мен асырап алынғандар арасында некеге тұруға тыйым салынады.


Өзбекстанда туыстардың бір-біріне үйленуіне заң жүзінде тыйым салынады

ERNUR.KZ. Өзбекстанда туыстардың бір-біріне үйленуіне заң жүзінде тыйым салынады. Өзгеріс отбасы кодексіндегі неке тармағына еніп отыр, деп жазады stan.kz.

Өзбекстанның отбасы Кодексіне өзгерістер енгізу туралы заң жобасы туыстарының арасында некеге тұруға тыйым салуды қарастырады.

Ондағы мәліметке сүйенсек, енді туыстар арасындағы, туысқан аға-іні мен апалы-сіңлілер арасындағы, сондай-ақ асырап алушылар мен асырап алынғандар арасында некеге тұруға тыйым салынады.

Бұл негізінен балалардағы сирек кездесетін генетикалық аурулардың көбеюімен байланысты. Себебі, Өзбекстандағы дәл осындай аурудың төрттен бірі туыстық некеден болып отыр.

“Қоғам дамуының заманауи ерекшеліктері отбасын нығайтуға, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, жақын туыстарының некеге тұруына жол бермеуге бағытталған заңнаманы жетілдіруді талап етеді”, — делінген заң жобасында.

Сонымен қатар, ақпаратта статистика да көрсетілген. Яғни, өткен жылдың екінші жартысында Өзбекстанда 1201 туыстық неке тіркелген екен.

Заң жобасына түсіндірме жазбада АХАЖ органдарының статистикалық деректері келтіріледі. Оған сәйкес өткен жылдың екінші жартысында республикада 1 201 туыстық неке тіркелген. Мұндай некеде дүниеге келген балалардан туа біткеннен денсаулық кемшіліктері, деформациясы және хромосомалық бұзылулары болады.