Ресейде әскерден жалтарғандар шетелге шыға алмайды

0
605

​Ресей үкіметі «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» заңға өзгерістер енгізді.


Ресейде әскерден жалтарғандар шетелге шыға алмайды

ERNUR.KZ. Енді әскерге шақырылған азамат комисариатқа өз бетінше бармаса, шетелге шығуға тыйым салынады, деп жазады zakon.kz.

Қабылданған түзетулер бойынша шақыру қағаздарын жіберудің жаңа әдісі енгізілді. Шақырту арнайы хатпен және электронды форматта жеке кабинет арқылы немесе Мемлекеттік қызметтер порталы арқылы келеді.

Шақыру қағазын алып, оқымаған, байланысқа шықпаған азамат әскерге қызмет етуден жалтарған деп танылады. Келесі шақыру кезінде ол екі апта ішінде әскери комиссариатқа өз бетінше келуге міндетті.

Егер хат келіп тұрып, 20 күн бойы әскери комиссариатқа бармаса, көлік жүргізу құқығынан айырылады. Сонымен қатар, жылжымайтын мүлік ала алмайды, несие рәсімдеуге де шектеу қойылады.

Екі күн ішінде жедел қаралған құжатты кеше Парламенттің жоғары палатасы мақұлдады.