Кеше Пермь қаласындағы ұлттық зерттеу университетінде атыс болып, 6 адам қаза тапты.
ERNUR.KZ. Пермь университетінде атыс ұйымдастырған Тимур Бекмансуровтың анасы баласы жайлы пікір білдірді. Оның айтуынша Тимурмен араларында ешқандай жанжал болмаған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Соңғы рет ол баласын дүйсенбі, 20 қыркүйек күні таңертең көрген. Ұлы сабағына жиналып жатқанда жұмысына кеткен.
«Арамызда ешқандай жанжал болған емес. Ол тып-тыныш, өзін сабырлы ұстайтын. Қарым-қатынасымыз жақсы болатын», - деді Тимур Бекмансуровтың анасы.
Сөз арасында баласының қыдырымпаз еместігін, ешқайда шықпайтынын, жаман әдеттерден аулақ болғанын қозғап өтті.
«Ол ешкіммен дауласпайтын», - деп қосты анасы.
Ал әкесі бөлек тұрады, бірақ баласымен жиі хабарласып, байланысын үзбеген.
ОСН медиа мәліметі бойынша, осыған дейін атыс ұйымдастырған студенттің танысы оның мінез-құлқындағы қызық жағдайлар туралы айтқанын хабарлаған. Оның айтуынша, Тимур ылғи қайғырып жүретін, есірткі қолданған, Гитлер, қару-жарақ туралы айтқанды ұнататын болған.
Айта кетейік, кеше, 20 қыркүйекте Ресейдің Пермь қаласындағы ұлттық зерттеу университетінде атыс болып, 6 адам қаза тапты.