Күрделі жағдайларда жүк жеткізуге рұқсат етіледі, бірақ курьердің міндетті түрде садақа беруі талап етіледі деп атап өтілген.
Фото: ТАСС
ERNUR.KZ. Ресей Федерациясы Мұсылмандары Діни Басқармасының (РФ МДБ) Ғұламалар кеңесі мұсылмандардың жеткізу және логистика саласында курьер болып жұмыс істеуіне рұқсат беру туралы пәтуа (теологиялық үкім) шығарды, деп жазады inform.kz.
РФ МДБ сайтында жарияланған пәтуа мәтініне сәйкес, мұсылмандарға анық тыйым салынған заттарды тасымалдауға шектеу қойылады, соның ішінде:
алкогольдік сусындар;
құмар ойындар;
пұттар мен пұтқа табынушылықтың діни заттары;
шошқа еті;
тыйым салынған жолмен сойылған малдың еті.
Бұл ереже кәдеге жарату мақсатында жеткізілген жағдайда ғана ерекшелік ретінде қарастырылады.
Күрделі жағдайларда жүк жеткізуге рұқсат етіледі, бірақ курьердің міндетті түрде садақа беруі талап етіледі деп атап өтілген.
— Егер жүкте рұқсат етілген және тыйым салынған заттар болса, бірақ рұқсат етілгені басым болса, онда кейін садақа беру шартымен жеткізуге рұқсат етіледі, — делінген мәтінде.
Кеңес анық рұқсат етілген жүк түрлеріне мыналарды жатқызды:
тамақ өнімдері;
рұқсат етілген тәртіппен сойылған малдың еті;
жарма;
сары май және сүт;
жемістер, көкөністер және т. б.;
азық-түлік емес шаруашылық тауарлары (киім, жиһаз, ыдыс-аяқ, кеңсе тауарлары, электроника);
кітаптар;
ақпарат тасымалдаушылар;
дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар.
Пәтуаға сәйкес, жүктің қай категорияға жататыны белгісіз болса (мысалы, ол жабық жәшіктерде жеткізілсе және жеткізушінің ішіндегі заттар туралы мәліметі болмаса), тасымалдауға рұқсат етіледі.
Сауда және қызмет көрсету саласының барлық қатысушылары сияқты курьерлерге де «табыстың тазалығына күмәнданатын болса, тапқан табысын зекет арқылы тазарту» ұсынылған.