ШЫҰ әскери ұйымның баламасына айналмайды

0
617

Самарқандтағы саммитте Иранды қауымдастыққа қабылдау рәсімі аяқталады.


ШЫҰ әскери ұйымның баламасына айналмайды

ERNUR.KZ. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер көшбасшылары кеңесінің отырысына қатысады, деп жазады sputnik.kz.

Ешкім Шанхай ынтымақтастық ұйымын әскери ұйымға балама етуді көздеп отырған жоқ, ШЫҰ-дағы ынтымақтастық – бұл біреуге қарсы емес, бір мақсатқа бағытталған татулық, деп мәлімдеді РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.
"Ешкім мұндай міндет қойып отырған жоқ. Шындығында, ШЫҰ-дағы барлық қарым-қатынас бір-бірінің мүдделерін өзара құрметтеу негізінде құрылған. Бұл біреуге қарсы емес, бір мақсатқа бағытталған татулық", - деді Песков журналистерге берген сұхбатында.
Бейсенбі күні Самарқандта ШЫҰ-ның екі күндік саммиті аясындағы шаралар басталды. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер көшбасшылары кеңесінің отырысына қатысады. Саммит қорытындысы бойынша бірқатар құжат қабылдау жоспарланып отырғаны атап өтілді.
Шанхай ынтымақтастық ұйымына Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан кіреді. Бақылаушы елдер: Ауғанстан, Беларусь, Иран және Моңғолия, серіктес елдер: Әзербайжан, Армения, Камбоджа, Непал, Түркия және Шри-Ланка.
Самарқандтағы саммитте Иранды қауымдастыққа қабылдау рәсімі аяқталады (міндеттеме туралы меморандумға қол қойылады) және Мысыр, Катар және Сауд Арабиясына диалог бойынша серіктес мәртебесі беріледі деп көзделіп отыр.