Тайван қытайлық әскери ұшақтардың басып кіргенін мәлімдеді

0
2 603

Тайванның әскерилері шетелдік ұшақтарға ескерту жасап, шабуылдарды бақылап және ескерту үшін зымырандар орналастырылды.


Тайван қытайлық әскери ұшақтардың басып кіргенін мәлімдеді

ERNUR.KZ. Тайванның қорғаныс министрлігі сегіз қытайлық бомбардир мен төрт жойғыш ұшақ елдің әуе шабуылына қарсы қорғаныс аймағына кіргенін хабарлады. Осылайша, ел билігінің мәліметінше, екінші күні қытайлық әскери ұшақтар жаппай басып кірген, деп жазады tengrinews.kz.

Формоз жағалауында H-6K сегіз бомбардирі мен J-16 жойғыш ұшағы пайда болған. Тайванның әскерилері шетелдік ұшақтарға ескерту жасап, шабуылдарды бақылап және ескерту үшін зымырандар орналастырылды. Сонымен қатар, әскери ұшақтар әуеге көтерілді.

Айта кетейік, Бейжің Тайван өзінің территориясы деп санайды. Осыған байланысты Қытайдың әскери-әуе күштері бірнеше рет аралдың оңтүстік бөлігі мен Оңтүстік Қытай теңізіндегі Пратас аралдары арасында жиі рейстер жасаған.

"Жауынгерлік ұшақтар әуеге көтерілді, біз радио ескертулер жасап, бақылау үшін зениттік-зымыран жүйелерін орналастырдық", - делінген хабарламада.

Қытайда әлі түсініктеме бермеген. Бұған дейін Бейжің елдің егемендігі мен қауіпсіздігін қорғау үшін жаттығулар өткізіп жатқанын хабарлаған болатын.